Басты бет

Жақсы мамандық-жарқын болашақтың бастауы

Басып шығару
«Жақсы мамандық-жарқын болашақтың бастауы» - онкүндігі
Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінде «Автокөлік және ауылшаруашылық механикасы» әдістемелік бірлестігі ұйымдастыруымен 2023 жылдың 27 қараша күні «Жақсы мамандық-жарқын болашақтың бастауы» тақырыбында онкүндіктің ашылуы болды.
Мақсаты:
*Білім алушылардың өз қалаулары бойынша таңдаған мамандықтарына қызығушылығы мен сүйіспеншіліктерін арттыру;
*Алға мақсат қоя білуге икемділіктерін қалыптастыру;
*Тұлғалық өсудің алғы шарттарын қалыптастыра отырып, елімізге өз үлесін қоса білетін адал маман иесі болуға тәрбиелеу.
Бірлестік жетекшісі Г.Алиева онкүндік жоспарымен таныстырды.
Онкүндіктің ашылу сәті келесі кезеңдер бойынша өтті:
I. «Тамшылар» - бөлімінде студенттер мамандыққа қатысты жұмбақтар шешті.
II. «Кофе брейк» - сергіту сәті. Кофе ішкен әрбір оқытушы, кружка астына жасырылған ситуациялық сұрақтарға жауап берді.
III. «Автомобиль алфавиті» - студенттер алфавит бойынша машина атауын және оның маркасын тауып орналастырды.
Осы он күн ішінде өтетін іс шараларға жақсы ат салысып, белсенділік танытуға шақырамыз!
Ұйымдастырушы: «Автокөлік және ауылшаруашылық механикасы» әдістемелік бірлестігі.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
0:20 / 1:23