"Библиомарафон" зияткерлік ойыны. 2025 жылдың 10 қыркүйек күні Қармақшы аграрлы-техникалық колледж кітапханасында оқырмандардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру мақсатында "Библиомарафон" зияткерлік ойыны ұйымдастырылды. Іс-шара барысында қазақ және әлем әдебиеті классиктерін насихаттай отырып, колледж студенттері топтық жұмыс пен ұйымшылдық қабілеттерін көрсетті. Қатысушылар 4 адамнан құралған 2 топ ойынның кезеңдерімен өз атауын, ұранымен таныстырып, қазақ және әлем әдебиетінің классиктері туралы сұрақтарға жауап берді.Берілген үзінділер шығарманың атын,авторының, мақал-мәтелдер мен қанатты сөздердің жалғасын тауып, викториналық сұрақтарға жауап берді. Колледждің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айгүл Сүлейменова шараны қорытындылап, "Ең тапқыр команда" номинациясымен студенттерді марапаттады.