Басты бет

"Кітап достарын іздейді" буккросинг.

Басып шығару
Қармақшы аграрлы-техникалық колледж кітапханасында "Оқуға құштар колледж " жобасы аясында "Кітап достарын іздейді " тақырыбында колледж студенттеріне арналған буккросинг өткізілді. Шараның мақсаты бір немесе бірнеше кітапты тегін пайдалану, кітап алмасу арқылы оқырман мәдениетін қалыптастыру, қоғамда "кітапқа екінші өмір сыйлау" дәстүрін дамыту , әдеби орта құру, студенттердің кітап оқу арқылы ой-өрістерін кеңейту және бос уақытын тиімді ұйымдастыру болып табылады. "Буккросинг " -кітап пен оқырман арасын жақындатудың тиімді жолы ретінде өзінің оқыған кітабын достарымен бөліседі.Осы мақсатта колледж студенттері белсенді қатысып,өз үлестерін қосуда.
#оқуғақұштарколледж