Басты бет

Бір шебер – жүз бейне

Басып шығару

«Бір шебер – жүз бейне» шығармашылық жобасы аясында* Өндірістік оқыту шебері Қартаңбаева Аманкүл Көшебайқызы өз кәсіби жолындағы тәжірибесімен, жетістіктерімен бөлісті.Шебер — техникалық және кәсіптік білім беру саласында ұзақ жыл еңбек етіп келе жатқан білікті маман. Ол білім алушыларға сапалы кәсіби бағдар беріп, өндірістік оқыту үдерісін заман талабына сай жүргізіп келеді. Әр сабағында шынайы өндірістік орта мен заманауи әдіс-тәсілдерді ұштастыра отырып, студенттердің кәсіби шеберлігін дамытып келеді.

 

*Шебердің кәсіби жетістіктері:*

* 2024 жылы *«EDU PRINT»* баспасынан жарық көрген *«Электр жабдықтары және автокөлікті электрмен қамту жүйесінің технологиясы»* атты авторлық әдістемелік құралы басып шығарылды.
* 2024 жылы республикалық *«USTAZ ENBEGI»* және *«USTAZ USTANYMY»* ғылыми-әдістемелік журналдарында мақалалары мен шәкірті Алпысбаев Бекзаттың ғылыми жобасы жарияланды.
? *Шәкірттер жетістігі:*
* 2022 жылы Скендіров Сәкен колледжішілік *«Білімді ұрпақ – ел болашағы»* олимпиадасында «Үздік» деп танылып, дипломмен марапатталды;
- 2024 жылы *«WORLDSKILLS COLLEGE-2024»* байқауында Скендіров Сәкен І орын иеленіп, колледж абыройын асқақтатты;
* 2024 жылы студенті *Иман Дәуренжан* *«ELEKTRICAL SKILLS»* облыстық байқауында ІІІ орынға ие болды;
* 2025 жылы Қорқыт Ата университеті ұйымдастырған облыстық *«Жас электрик – 2025»* байқауында *Ертаев Санжар* ІІІ орын алып, шебер Алғыс хатпен марапатталды.
? Шәкірттері бүгінде өз саласында еңбек етіп, аудандық электр торабы секілді жауапты мекемелерде жұмыс жасап, қоғамға өз үлесін қосуда. Атап айтсақ, түлектері — *Жұмағалиұлы Асылхан, Бейбітұлы Рамазан, Райымов Руслан, Қалиев Нұрболат, Алпысбаев Бекзат* сынды жас мамандар бүгінде еңбек майданында.
? Шебердің еңбегі – тек білім беру ғана емес, сонымен қатар өнегелі тәрбие мен өмірге бағыт беру жолындағы үлкен үлес.
Колледж ұжымы өз ісінің нағыз шеберіне шығармашылық табыс пен кәсіби шабыт тілейді!