Басты бет

Отаншыл жастар-егемен елдің тірегі

Басып шығару

      Қармақшы  аграрлы- техникалық  колледжінде  2020 жылы 05 ақпан  күні  Қармақшы  ауданы  қорғаныс  істері  жөніндегі  бөлімімен бірлесе  « Отаншыл  жастар-егемен  елдің  тірегі »  тақырыбында  кездесу өткізілді.

Кездесуді  БӘД  пәнінің оқытушысы Н.Сержанов  жүргізді. Өткізілген  іс-шараға  колледж  директоры И.Айекенов, аудандық  қорғаныс  істері  жөніндегі  бөлімі  бастығы  капитан  Р.Турганов, ҚР Ұлттық қауіпсіздік  комитетінің  шекара қызметінің  өкілі  капитан Сембаев Әлібек Сарбаевич , Облыстық ішкі саясат басқармасының Дін мәселелерін  зерттеу орталығының  Қармақшы  аудандық бөлімшесінің теолог маманы  Ж.Сқақов қатысты.

      Іс –шараның  мақсаты студенттер бойына  патриоттық  сезім  орнату , Қарулы Күштер қатарында  қызмет етуге   бағыт-бағдар  беру, ел қорғау  жолында  еңбек  етіп  келе жатқан ағаларды  үлгі  тұту.

     Шара барысында  студенттер    қонақтарға  сұрақтар  қойып,  керекті  мәліметтер алды.