Басты бет

Менің үйдегі кітапханам

Басып шығару
2025 жылдың 18 қараша күні Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінде студенттердің оқу мәдениетін дамыту, үй кітапханасын насихаттау, кітап оқуға қызығушылығын арттыру және рухани-танымдық көзқарасын кеңейту мақсатында " Менің үйдегі кітапханам " тақырыбында колледжішілік видеороликтер байқауы өткізілді. Білім алушылар өз үй кітапханасындағы оқыған кітаптары мен олардың маңызы туралы таныстырып,сол оқыған кітаптарын насихаттап, оқуға шақырды. Байқауға қатысушылар I курс студенттері Елеусізов Нұрсұлтан, Қанибек Дархан,Әбен Аяулым және II курс студенттері Сламбеков Мәнсұр, Тақиыр Махаббат, Аханов Диас. Байқаудың қорытындысы бойынша 1-орын М.Тақиыр , 2-орын Д.Қанибек, 3-орын Әбен Аяулым марапатталды.
#оқуғақұштарколледж