Басты бет

Әдеби кейіпкерлермен бірге саяхаттаймыз

Басып шығару
"Әдеби кейіпкерлермен бірге саяхаттаймыз ". 2025 жылдың 25 қараша күні Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінде "Әдеби кейіпкерлермен бірге саяхаттаймыз " тақырыбында виртуалды кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты: тәрбиелік мәні бар әдеби кейіпкерлерді насихаттау, кейіпкер әлеміне саяхат жасай отырып, адалдыққа, батырлыққа тәрбиелеу, студенттердің көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру. Шара барысында Тг-25/11 оқу тобының студенті Д.Жаңбырбай жазушы Ғабит Мүсіреповтің "Ұлпан" романын, Ас-25/11 оқу тобының студенті Н.Елеусізов Ә.Нұрпейісовтің "Қан мен тер" трилогиясын, Э-25/9 оқу тобының студенті Ж.Әмірова Б.Момышұлының "Ұшқан ұя" повесін, Дархан Қанибек Қ.Қайсеновтің "Жау тылындағы бала" шығармасындағы кейіпкерлерді насихаттады. Әдеби кейіпкерлердің тағдыры арқылы ұлт тарихына, рухани болмысқа терең үнілуге мүмкіндік алды. Кітап көрмесі оқырмандардың қазақ шығармаларына деген сүйіспеншілігін оятуға бағытталды.
#оқуғақұштарколледж