“Жасөспірімдер арасындағы нашақорлықтың алдын алу”
Қармақшы аграрлы- техникалық колледжінде 2025 жылдың қараша айында “Жасөспірімдер арасындағы нашақорлықтың алдын алу” танымдық - ақпараттық тәжірибелік дәрістер өткізу аясында колледждің 1,2 курс студенттерімен Қармақшы аудандық ауруханасының наркология кабинетіне барып, дәрігер -нарколог Жәмитова Айгүл Мұзарапқызы мен фельшер Арайбек Ысқақұлы мен кездесіп, нашақорлықтың алдын алу шаралары және психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынудың зианы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.



