Басты бет

«World of Best» Республикалық пәндік олимпиада

Басып шығару

«World of Best» Республикалық даму орталығының  ұйымдастыруымен өткен оқушылар мен студенттерге арналған Ү Республикалық пәндік олимпиадаға Қармақшы аграрлы техникалық колледжінен 9 студент қатысып, білімдері бойынша сынға түсті.  

 ОЛИМПИАДАНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ: 

  • неғұрлым қабілетті білім алушыларды анықтау;
  • оқушылардың жалпы білім беретін пәндерді оқуға қызығушылығын қалыптастыру;
  • таңдалған пән бойынша дағдыларды белсендіру және жетілдіру;
  • оқушылар мен студенттердің пәнді өз бетінше оқуға деген ұмтылысын көтермелеу;
  • барлық ниет білдірген білім алушылар мен студенттерге өз білімдерін тексеруге мүмкіндік беру. 

Колледжден олимпиадаға қатысқан 8 студентіміз жүлделі орындарға ие болды:

Математика пәнінен М. Әбутәліпұлы, дүние жүзі тарихы және қазақстан тарихы пәндерінен Е.Жәнібеков  -  І орындарды;

Орыс тілі және қазақ тілі пәндерінен  Д.Жуманов, қазақ тілі пәнінен А.Машенова, химия пәнінен Н.Тұрдыбек   - 2 орындарды;

Физика пәнінен Б.Әбутәліпұлы – 3 орынды иеленді.