Қармақшы аграрлы - техникалық колледжі

    • Басты бет
    • Колледж туралы
      • Колледж төлқұжаты
      • Колледж тарихы
      • Әкімшілік
      • Қамқоршылық кеңес
      • Колледж миссиясы
    • Оқытушылар құрамы
      • Тәрбие жұмысы
      • Оқу - әдістемелік жұмыс
      • Оқу - өндірістік жұмыс
      • Психологиялық қызмет
    • Студентке
      • Ішкі тәртәп ережесі
      • Ар-намыс кодексі
      • Талапкерге
      • Мамандықтар
      • Сабақ кестесі
    • Байланыс
    • Директор блогы

    Басты бет

    Super User
    Санат (kk-kz)
    05 Қыркүйек 2023
    Қаралды: 68

    Мемлекеттік тіл – Қазақстан халықтарын біріктіретін тіл

    • Басып шығару
    «Мемлекеттік тіл – Қазақстан халықтарын біріктіретін тіл» тақырыбындағы «Қазақстан халықтарының тілдері күні» мерекесіне орай өткізілген мерекелік іс-шара.
    5 қыркүйек күні Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінде «Мемлекеттік тіл –Қазақстан халықтарын біріктіретін тіл тақырыбындағы» Қазақстан халқы тілдер күні мерекесіне орай іс-шара өткізілді. Тіл - қай халықтың болмасын рухани қазынасы. Ана тіліміз қазірде үлкен өріске жол тартты. Олай болса, біздің мақсатымыз – Ана тілімізді қадірлеу, мемелекеттік тіл мәртебесіне көтеру.
    Мақсаты: Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру.
    Мерекелік іс - шараны колледж директоры Бауыржан Сайдуллаұлы ашып , колледж ұстаздарын, студенттерін «Қазақстан халқы тілдері» мерекесімен құттықтады.
    Колледж кітапханашысы Б.Тоқабаева «Тіл – әр халықтың байлығы» атты көркем шығармалар топтамасынан ұйымдастырылған кітап көрмесімен таныстырып, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының өмір жолына шолу жасалды.
    Колледж студенттері іс-шарада белсенділік танытып,қазақ тілінде жыр-шумақтары оқыды. А.Машенова «Менің тілім – қазақ тілі» әнін орындады. Сонымен қатар, орыс, ағылшын тілінде ойындар ойнатылып, ребус, жұмбақтар шешілді.
    Түйіндей келе, бұл шаралар осы мерекемен ғана шектеліп қалмай, әрі қарай өз жалғасын табады деп ойлаймыз Мұхтар Әуезов «Ұлттың тілі – сол ұлттың жаны, жан дүниесі. Ол жүректі соқтыртып тұрған қан тамыры сияқты. Егер де қан тамыры жабылып қалса, жүрек те соғуын тоқтатпай ма?» - деп тура айтқан. Олай болса, тілімізді қадірлей білейік!
    Мерекелік шараны колледжіміздің қазақ, орыс, ағылшын пән оқытушылары ұйымдастырды.
     
    • Алдыңғы материал: Оқуға құштар колледж Артқа
    • Келесі материал: «Теңге- тәуелсіздік келбеті» - танымдық сабақ Алға
    © 2025 Your Company. All Rights Reserved. Designed By JoomShaper

    Main Menu

    • Басты бет
    • Колледж туралы
      • Колледж төлқұжаты
      • Колледж тарихы
      • Әкімшілік
      • Қамқоршылық кеңес
      • Колледж миссиясы
    • Оқытушылар құрамы
      • Тәрбие жұмысы
      • Оқу - әдістемелік жұмыс
      • Оқу - өндірістік жұмыс
      • Психологиялық қызмет
    • Студентке
      • Ішкі тәртәп ережесі
      • Ар-намыс кодексі
      • Талапкерге
      • Мамандықтар
      • Сабақ кестесі
    • Байланыс
    • Директор блогы