Құрметті сайттың қонақтары!
Ізгі ниетпен, Қармақшы аграрлы - техникалық колледж директорының міндетін атқарушы Жұбатқанұлы Әбдікәрім
Менің блогыма қош келдіңіздер!
|
|
Мен Жұбатқанұлы Әбдікәрім 1972 жылы 23 ақпанда Қармақшы ауданында дүниеге келдім.1979-1989 жылдары Жосалы кентінде орналасқан №26 Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектепте білім алдым.1989 -1994 жылдары Қызылорда агроөнеркәсіп инженерлерін даярлайтын институтын инженер-механик,2013-2015 жылдары Ақмешіт гуманитарлық-техникалық институтын кәсіптік білім бакалавры бойынша бітірдім.Білімім жоғары.1995-1996 жылдары Қармақшы ауданындағы кәсіптік техникалық училищесінде өндірістік оқыту шебері, арнаулы пән оқытушысы,1998-2001 жылдары №106 орта мектебінде шаруашылық меңгерушісі,2001 жылдың қыркүйек айынан Қармақшы ауданындағы №12 Кәсіптік техникалық мектебінде өндірістік оқыту шебері,2011 жылдың қыркүйек айынан №12 кәсіптік лицейінде аға шебер, 2022 жылдың 1 қаршасынан бастап директордың оқу-өндірістік жөніндегі орынбасары, 2025жылдың 10 қаңтарынан бастап колледж директорынынң уақытша міндетін атқаушы қызметін қоса атқарудамын. Өзімнің педагогтік қызметімде төмендегідей жетістіктерім бар. |
|
2016 жылы 7 мамыр Отан қорғаушылар күні мерекесіне колледж әкімшілігі мен кәсіподақ ұйымының Алғыс хатымен; Қармақшы ауданы әкімі, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасының «Алғыс хатымен»;Tarbie.org ұстаздар сайтының «Алғыс хатымен»; 2017 жылы 1 желтоқсан-Тұңғыш Президент күніне «Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасарының «Алғыс хатымен»; 2018 жылы «Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасарының «Алғыс хатымен»;2019 жылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің Ғылыми кеңесінің оқу құралы ретінде бекіткен «Агрономия негіздері» оқу құралым шығарылып,ауыл шаруашылығы мамандықтарын оқытатын оқу орындарына таратуға ұсынылды; «Аккредиттеудің тәуелсіз Қазақстандық орталығы» коммерциялық емес мекемесі «Институционалды және мамандандырылған аккредитация шеңберінде техникалық және кәсіптік білім беру орындарының өзін-өзі бағалау есебін дайындауы» тақырыбындағы семинарында Сертификатпен; 2020 жылы Қызылорда облыстық білім басқармасы;Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының облыстық комитетінің «Құрмет грамотасымен»; « Talap » коммерциялық емес акционерлік қоғамы Техникалық және кәсіптік білімнің «Кәсіби шеберліктің аймақтық чемпионатының сарапшысы»Сертификатымен; 2021 жылы Қызылорда облыстық оқу орталығының(әдістемелік кабинет) WorldSkills Kazakhstan ұлттық чемпионатының аймақтық кезеңінде «Ауыл шаруашылығы машиналары мен тракторларын жөндеуші»құзыреттілігі бойынша бас сарапшы Сертификатымен;Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасымен» ; 2022 жылы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының және Қызылорда облысының әкімінің «Алғыс хаттарымен» марапатталдым. Қоғамдық жұмысым 2014 жылдың қаңтар айынан Қармақшы ауданы Жосалы кенті Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінде орналасқан №96 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасымын. Жанұялық жағдайым:отбасылымын.Жұбайым Әбілова Мария Өтепбергенқызы-медицина саласының қызметкері,төрт бала тәрбиелеудеміз .
|
|
Директормен Whatsapp арқылы байланысу
.jpg)