«Бір шебер – жүз бейне» жобасы аясында шебер жетістігімен бөлісті Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінде «Техникалық және кәсіптік білім беру қызметкерлері күніне» орай ұйымдастырылған «Бір шебер – жүз бейне» тақырыбындағы шығармашылық жоба аясында өндірістік оқыту шебері Калымбетова Лаура Даирбекқызы өзінің кәсіби жетістіктері мен тәжірибесімен бөлісті. Шебер — өз ісінің маманы. Ұзақ жылдық еңбек жолында көптеген шәкірттер тәрбиелеп, колледждің сапалы кадр даярлаудағы үлесін арттырып келеді. Сабақ үдерісінде заманауи әдіс-тәсілдерді, өндірістік технологияларды тиімді қолданып, білім алушылардың практикалық дағдыларын жетілдіруде үздік нәтижелерге қол жеткізген.
– Облыстық және республикалық кәсіби шеберлік байқауларына тұрақты қатысып, *жүлделі орындарға* ие болған;
– 2023 жылы «Үздік өндірістік оқыту шебері» номинациясының иегері;
– Әлеуметтік серіктестермен бірлесіп, студенттердің өндірістік тәжірибесін ұйымдастыруда жоғары нәтиже көрсеткен;
– Шәкірттері WorldSkills, сынды кәсіби чемпионаттарға қатысып, *жүлдегер атанған*;
– Оқу жылы барысында 10-нан астам авторлық тапсырмалар, әдістемелік нұсқаулықтар әзірлеген;
– Цифрлық технологияларды қолданып, практикалық сабақтарды жаңаша форматта жүргізіп жүрген жаңашыл шебер;
– Колледждің материалдық-техникалық базасын жетілдіруге белсенді үлес қосқан, шеберхана жабдықтарын тиімді пайдалану үлгісін көрсеткен.
Осындай білікті мамандар – техникалық және кәсіптік білім берудің тірегі!