Қармақшы аграрлы - техникалық колледжі

    • Басты бет
    • Колледж туралы
      • Колледж төлқұжаты
      • Колледж тарихы
      • Әкімшілік
      • Қамқоршылық кеңес
      • Колледж миссиясы
    • Оқытушылар құрамы
      • Тәрбие жұмысы
      • Оқу - әдістемелік жұмыс
      • Оқу - өндірістік жұмыс
      • Психологиялық қызмет
    • Студентке
      • Ішкі тәртәп ережесі
      • Ар-намыс кодексі
      • Талапкерге
      • Мамандықтар
      • Сабақ кестесі
    • Байланыс
    • Директор блогы

    Басты бет

    Super User
    Санат (kk-kz)
    14 Ақпан 2020
    Қаралды: 541

    АБАЙ ІЛІМІ ЖƏНЕ РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

    • Басып шығару

    АБАЙ ІЛІМІ ЖƏНЕ РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

    Асыл сөзді іздесең
    Абайды оқы, ерінбе.
    Адамдықты көздесең,
    Жаттап тоқы көңілге, -
    деп ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров айтқандай, перзенттік парызымызды ақтаудың негізгі жолы да - күнделікті тыныс-тіршілігімізде Абайға үңілу, оның асыл мұрасын өскелең ұрпақтың бойына сіңіре білу.

    Осылайша ұлы ақын өсиетіне адал, парасат биігіне ұмтылған Абай ұрпақтарын тəрбиелеу. Осы ретте Қызылорда облыстық Білім басқармасына қарасты Қармақшы аграрлы- техникалық колледжінде "Абай ілімі жəне рухани жаңғыру" тақырыбында
    Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай ағымдағы жылдың 3-ші жəне 7 -ші ақпан күндері аралығында апталық іс-шарасы ұйымдастырылды. Апта барысында орыс тілі жəне шет тілі пəндері оқытушыларының ұйымдастыруымен Абайдың орыс классиктері мен өзгеде шет тілдеріне аударылған қара сөздері мен аударма мысал өлеңдерін жатқа оқудан жəне сондай -ақ қазақ тілі мен əдебиеті пəні оқытушыларының "Хакім Абай даналығы" тақырыбында студенттер арасында ғылыми -танымдық конференция өткізіліп, Абай даналығы мен оның кейінгі ұрпаққа мұра етіп қалдырған тəрбиелік, танымдық дүниелерінен студенттер зерттеу жұмыстарын ортаға салып,бір бірімен пікір бөлісті. Үздік деп танылған баяндамашылар колледж директорының алғыс хатымен марапатталды. Апта соңы қорытынды кешке ұласып, студенттер Абай өлеңдері жəне əндері мен күйлерінен шашу шашып, кереметтей тағылымды кештің куəсі болды.

    • Алдыңғы материал: Көп жасаған қария, ақылы теңіз дария Артқа
    • Келесі материал: Қамқоршылық кеңес Алға
    © 2025 Your Company. All Rights Reserved. Designed By JoomShaper

    Main Menu

    • Басты бет
    • Колледж туралы
      • Колледж төлқұжаты
      • Колледж тарихы
      • Әкімшілік
      • Қамқоршылық кеңес
      • Колледж миссиясы
    • Оқытушылар құрамы
      • Тәрбие жұмысы
      • Оқу - әдістемелік жұмыс
      • Оқу - өндірістік жұмыс
      • Психологиялық қызмет
    • Студентке
      • Ішкі тәртәп ережесі
      • Ар-намыс кодексі
      • Талапкерге
      • Мамандықтар
      • Сабақ кестесі
    • Байланыс
    • Директор блогы