Қармақшы аграрлы - техникалық колледжі

    • Басты бет
    • Колледж туралы
      • Колледж төлқұжаты
      • Колледж тарихы
      • Әкімшілік
      • Қамқоршылық кеңес
      • Колледж миссиясы
    • Оқытушылар құрамы
      • Тәрбие жұмысы
      • Оқу - әдістемелік жұмыс
      • Оқу - өндірістік жұмыс
      • Психологиялық қызмет
    • Студентке
      • Ішкі тәртәп ережесі
      • Ар-намыс кодексі
      • Талапкерге
      • Мамандықтар
      • Сабақ кестесі
    • Байланыс
    • Директор блогы

    Басты бет

    Super User
    Санат (kk-kz)
    21 Қыркүйек 2022
    Қаралды: 244

    «Қазақ халқының бұлбұлы-Роза Бағланова»

    • Басып шығару

    «Қазақ халқының бұлбұлы-Роза Бағланова»

    2022 жылдың қыркүйек айының 21 жұлдызында Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінде қазақтың ән өнерін бүкіл әлемге танытқан, ұлттың үні болған ән падишасы, Халық қаһарманы Роза Тәжібайқызы Бағланованың 100 жылдығына орай «Қазақ халқының бұлбұлы-Роза Бағланова» тақырыбында колледж кітапханашысы Б.Тоқабаеваның ұйымдастырылуымен танымдық сабақ өткізілді.

    Іс-шараның мақсаты: студенттерге халқымыздың мақтанышына айналған әншінің шығармашылығын насихаттау, өнердегі жолын үлгі ету. Танымдық сабақ барысында әншінің өмірінен тың деректер туралы мәліметті Ас-20/9 оқу тобының студенті А.Маханова таныстырды.

    Кітап көрмесінде аңызға айналған әнші Роза Бағланованың өмірі мен шығармашылығына арналған кітаптар ұсынылды. Роза Бағланованың «Айналайын халқымнан еркелеткен», Б.Қожырұлы «Қазақ елінің атақты музыка өнерпаздары», К.Абдухалимовтың «Кітап-альбом «Роза Бағланова» Алматы: «Өнер 21 ғасыр» баспасынан 2021 жылы шыққан әйгілі қазақ әншісінің 100 жылдығына арналған кітаптары оқырмандарға таныстырылды. Сонымен қатар, студенттер Роза Бағыланованың ерекше дауысы бар жазбалары мен әндерін тыңдады. Әлем көгіне қазақ әнін асқақтатқан Алаштың ардақтысы Роза Тәжібайқызының әншілік және азаматтық тұлғасы жылдар өткен сайын даралана береді. Аты аңызға айналған әнші Роза Бағланованың құнды мұрасын болашақ ұрпаққа насихаттау баршамыздың міндетіміз.

    • Алдыңғы материал: «Инновациялық әдістер мен технологияларды оқу үдерісіне қолдану» тақырбында баяндама жасады Артқа
    • Келесі материал: «Ұлылықтың отын жаққан шырақшы» Алға
    © 2025 Your Company. All Rights Reserved. Designed By JoomShaper

    Main Menu

    • Басты бет
    • Колледж туралы
      • Колледж төлқұжаты
      • Колледж тарихы
      • Әкімшілік
      • Қамқоршылық кеңес
      • Колледж миссиясы
    • Оқытушылар құрамы
      • Тәрбие жұмысы
      • Оқу - әдістемелік жұмыс
      • Оқу - өндірістік жұмыс
      • Психологиялық қызмет
    • Студентке
      • Ішкі тәртәп ережесі
      • Ар-намыс кодексі
      • Талапкерге
      • Мамандықтар
      • Сабақ кестесі
    • Байланыс
    • Директор блогы