Қармақшы аграрлы - техникалық колледжі

    • Басты бет
    • Колледж туралы
      • Колледж төлқұжаты
      • Колледж тарихы
      • Әкімшілік
      • Қамқоршылық кеңес
      • Колледж миссиясы
    • Оқытушылар құрамы
      • Тәрбие жұмысы
      • Оқу - әдістемелік жұмыс
      • Оқу - өндірістік жұмыс
      • Психологиялық қызмет
    • Студентке
      • Ішкі тәртәп ережесі
      • Ар-намыс кодексі
      • Талапкерге
      • Мамандықтар
      • Сабақ кестесі
    • Байланыс
    • Директор блогы

    Басты бет

    Super User
    Санат (kk-kz)
    16 Қараша 2022
    Қаралды: 200

    «Математика», «Физика», «Информатика», «Биология», «Химия» пәндерінен облыстық олимпиада

    • Басып шығару

    2022 жылдың 14 қараша күні облыстық оқу-әдістемелік орталығы және М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің ұйымдастыруымен облыстағы техникалық және кәсіптік оқу орындарының

    1 курс студенттері арасында «Математика», «Физика», «Информатика», «Биология», «Химия» пәндерінен облыстық олимпиада болып өтті.

    Олимпиада мақсаты:  жаратылыстану-математика саласының жетістіктерін арттыру жолдарын, жаратылыстану бағытында ғылыми білім беруді жетілдіру. Еліміздің индустриалды–инновациялық дамуына жаратылыстану бағытындағы пәндерді оқытудың ықпалын анықтау. Пәндер бойынша дарынды, қабілетті оқушыларды айқындау.

    Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінен олимпиадаға математика пәнінен Б.Әбутәліпұлы (жетекшісі А.Алпамысова), химия пәнінен Е.Жәнібеков (жетекшісі А.Калмурзаева) , физика пәнінен А.Машенова (жетекшісі Н.Бағыланбаева), биология пәнінен Ф.Өмірзақ (жетекшісі А.Калмурзаева), информатика пәнінен  Д.Жұмановтар (жетекшісі Д.Қошманова)  қатысып, бақтарын сынады.

    Олимпиада барысында студенттеріміз тест орталығында компьютерлік тест тапсырып, екінші кезеңде пән бойынша есептер шығарды.

               Колледжімізден олимпиадаға қатысқан студенттеріміз сертификатпен, физика пәні бойынша  ІІІ орынды иеленген олимпиада жүлдегері Тг-22/9 оқу тобының 1 курс студенті Машенова Альфия Алтынбекқызы (жетекшісі Н. Бағыланбаева) облыстық білім басқармасы тағайындаған арнайы дипломмен  марапатталды.

    Қармақшы колледжі әкімшілігі білім бәйгесіне дайындаған ұстаздаздарға алғыс білдіріп, шығармашылық табыстар тіледі.

    Жеңімпаз студентіміз Машенова Альфия Алтынбекқызын жеңісімен құттықтаймыз!

    • Алдыңғы материал: «Ғылыми кеңістік: өзекті мәселелер, жетістіктер және жаңашылдықтар» Артқа
    • Келесі материал: Білім беруді дамыту мәселелері Алға
    © 2025 Your Company. All Rights Reserved. Designed By JoomShaper

    Main Menu

    • Басты бет
    • Колледж туралы
      • Колледж төлқұжаты
      • Колледж тарихы
      • Әкімшілік
      • Қамқоршылық кеңес
      • Колледж миссиясы
    • Оқытушылар құрамы
      • Тәрбие жұмысы
      • Оқу - әдістемелік жұмыс
      • Оқу - өндірістік жұмыс
      • Психологиялық қызмет
    • Студентке
      • Ішкі тәртәп ережесі
      • Ар-намыс кодексі
      • Талапкерге
      • Мамандықтар
      • Сабақ кестесі
    • Байланыс
    • Директор блогы