Қармақшы агаралы-техникалық колледжінде 2023 жылдың 15-21 қыркүйек аралығында «Еңбек күнін мерекелеуге» байланысты «Менің жетістігім-менің нәтижем» тақырыбындағы апталықтың жоспарына сәйкес 21 қыркүйек күні колледж инженер-педагогтері А.Досболов,Н.Төреахметова, Н.Ілиясбек «Сенің таңдауың» тақырыбында І,ІІ курс студенттері арасында пікірталас өткізді.
    Мақсаты:Студенттер өздерінің таңдаған мамандықтарының маңыздылығын және өз мамандықтары арқылы қоғамға тигізер пайдасын түсіндіру.
    Колледж арнаулы пән оқытушысы А.Досболов студенттерге " нағыз маман иесі болу ол-мамандыққа құштарлықтан " екенін айтып , студенттерді мықты маман болуға шақырды.
    Аспаз мамандығының 1 курс студенті Әлібай Талғат мамандығын таңдау себебін студенттермен бөлісіп, оқуын бітіргесін фастфуд орталығын ашатынын айтты. Студенттер пікірталасқа белсенді түрде ат салысып, бір-бірінің пікірін құрметтей отырып, таңдаған мамандықтарын атап өтті. Пікірталас соңында студенттер бір-біріне сәттілік тілеп, жақсы маман иесі болуға ізгі ниет білдірді

    2023 жылдың 25 сәуір күні Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінде «Тіл мен тарих- ғасырлар куәсі» тақырыбында Қазақ тілі, тарих пәндері апталық аясында «Көкте күн, жерде қазақ халқы тұрғанда Темірбек Жүргенов есімі жасай береді»-тақырыбында I,II курс студенттері арасында эссе байқауы болып өтті.
    Эссенің негізгі мақсаты: Сөйлеу стилінде жазылған күрделі тұжырымдар мен тым ұзақ сөйлемдердің болмауы. Толық талданым жасау, жеке көзқарасты нақты деректерге сүйене отырып дәлел келтіру.

    ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ !!!
    «WORLDSKILLS KAZAKHSTAN» Ұлттық Чемпионатының Облыстық кезеңіне «АСПАЗ ІСІ» құзіреттілігі бойынша Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінің ІІІ курс Ас-20/9

     

    Құрметті сайттың қонақтары!

    Ізгі ниетпен, Қармақшы аграрлы - техникалық колледж директорының міндетін атқарушы Жұбатқанұлы Әбдікәрім

    Менің блогыма қош келдіңіздер!

     

     

    Мен Жұбатқанұлы Әбдікәрім  1972 жылы 23 ақпанда Қармақшы ауданында дүниеге келдім.1979-1989 жылдары Жосалы кентінде орналасқан №26 Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектепте білім алдым.1989 -1994 жылдары Қызылорда агроөнеркәсіп инженерлерін даярлайтын институтын инженер-механик,2013-2015 жылдары Ақмешіт гуманитарлық-техникалық  институтын кәсіптік білім бакалавры бойынша бітірдім.Білімім жоғары.1995-1996 жылдары Қармақшы ауданындағы кәсіптік техникалық училищесінде өндірістік оқыту шебері, арнаулы пән оқытушысы,1998-2001 жылдары №106 орта мектебінде шаруашылық меңгерушісі,2001 жылдың қыркүйек айынан Қармақшы  ауданындағы №12 Кәсіптік техникалық мектебінде өндірістік оқыту шебері,2011 жылдың қыркүйек айынан №12 кәсіптік лицейінде аға шебер, 2022 жылдың 1 қаршасынан бастап директордың оқу-өндірістік жөніндегі орынбасары, 2025жылдың 10 қаңтарынан бастап колледж директорынынң уақытша міндетін атқаушы қызметін қоса атқарудамын. Өзімнің педагогтік қызметімде төмендегідей жетістіктерім бар.

    2016 жылы 7 мамыр Отан қорғаушылар күні мерекесіне колледж әкімшілігі мен кәсіподақ ұйымының Алғыс хатымен; Қармақшы ауданы әкімі, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасының «Алғыс хатымен»;Tarbie.org ұстаздар сайтының «Алғыс хатымен»; 2017 жылы 1 желтоқсан-Тұңғыш Президент күніне «Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасарының «Алғыс хатымен»; 2018 жылы   «Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасарының «Алғыс хатымен»;2019 жылы Қазақстан Республикасы  Ауыл шаруашылығы министрлігі С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің Ғылыми кеңесінің  оқу құралы ретінде бекіткен  «Агрономия негіздері» оқу құралым шығарылып,ауыл шаруашылығы мамандықтарын оқытатын оқу орындарына таратуға ұсынылды; «Аккредиттеудің тәуелсіз Қазақстандық орталығы» коммерциялық емес мекемесі  «Институционалды және мамандандырылған аккредитация шеңберінде техникалық және кәсіптік білім беру орындарының өзін-өзі бағалау есебін дайындауы» тақырыбындағы семинарында Сертификатпен; 2020 жылы  Қызылорда облыстық білім басқармасы;Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының облыстық комитетінің «Құрмет грамотасымен»; « Talap »  коммерциялық емес акционерлік қоғамы Техникалық және кәсіптік білімнің  «Кәсіби шеберліктің аймақтық чемпионатының сарапшысы»Сертификатымен; 2021  жылы Қызылорда облыстық оқу орталығының(әдістемелік кабинет) WorldSkills Kazakhstan ұлттық чемпионатының аймақтық кезеңінде «Ауыл шаруашылығы машиналары мен тракторларын жөндеуші»құзыреттілігі бойынша бас сарапшы Сертификатымен;Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасымен» ; 2022 жылы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының  және Қызылорда облысының әкімінің «Алғыс хаттарымен»  марапатталдым.

         Қоғамдық жұмысым 2014 жылдың қаңтар айынан Қармақшы ауданы Жосалы кенті Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінде орналасқан №96 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасымын.

       Жанұялық жағдайым:отбасылымын.Жұбайым Әбілова Мария Өтепбергенқызы-медицина саласының қызметкері,төрт бала тәрбиелеудеміз .

     

     

     

    Директормен Whatsapp арқылы байланысу