Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінде 2025 жылдың 2 қыркүйек күні 1 курс студенттерімен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында кездесу өтті.
    Кездесуге Қармақшы АПБ-ның бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Өмірбекұлы Мерей, колледж инспекторы Еспанов Қайрат қатысын , құқық бұзушылықтың түрлері , буллинг, кибербуллингтің алдын алу, есірткі құмарлықтың алдын алу , болдырмау және қылмыстық жауапкершілік туралы кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

    Құрметті әріптестер! Қадірлі ұстаздар, ата-аналар мен оқушылар!
    Бүгін Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі білім ордалары өз есігін айқара ашады. Жаңа оқу жылын біз үлкен жоспарлармен, үкілі үмітпен бастап отырмыз. Сіздердің әрқайсыңыз еліміздің болашағы үшін өлшеусіз үлес қосып келесіздер. Биылғы оқу жылы оқушыларымыз бен ұстаздарымызды жаңа биіктерді бағындыруға шабыттандыратын жетістіктер мен жеңістерге толы болсын деп тілеймін!
    Білім күні құтты болсын!