«Алтын дән – 2025» Дала күні шарасы! 2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Қармақшы аграрлы-техникалық колледжі мен әлеуметтік серіктес «Жаңа Жол» ЖШС бірлесіп, ауыл шаруашылығы саласы бойынша маңызды іс-шара ұйымдастырды. Іс-шараға «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығының АШТ-24/9 тобының студенттері қатысты. Колледж директорының міндетін атқарушы А.Жубанышов және өндірістік оқыту шебері Н.Ілиясбек студенттерді «Жаңа Жол» ЖШС егіс алқаптарына бастап барды.Шара барысында студенттер:күріш ору кезеңінен бастап,- қырмандағы тазалау және ақтау процесіне дейінгі толық өндірістік тізбекті көзбен көріп, тәжірибелік білім алды.
Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінде 5 қыркүйек күні қазақ тіл білімі мен әдебиеттанудың негізін қалаушы,Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні мен Қазақстан халқының Тілдері күні мерекесіне орай " Қазақстан- ата жұртым, қасиетті ана тілім!" тақырыбына іс-шара өткізілді. Мақсаты: студенттерге мемлекеттік тілдің маңызын, қасиетін ұғындыру, өз ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу. Іс-шара барысында білім алушыларға бейнебаян көрсетіліп, колледж студенттері М. Тақиыр мен Г.Қайратқызы тіл туралы өлең оқыды. Колледж кітапханашысы Б.Тоқабаева кітап көрмесімен таныстырды. Кітап көрмесіне қазақ тіл білімінің мәселелері, қазақ әдеби тілінің тарихы,қазақ тілінің грамматикасы, сөздік қатынас негіздері, кәсіби қазақ тілі, сөздіктер, тілге байланысты анықтамалар, "Қазақ тілі" энциклопедиясы, мақал-мәтелдер, баталар туралы кітаптар қойылды.