«Бір шебер – жүз бейне» жобасы аясында шебер жетістігімен бөлісті Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінде «Техникалық және кәсіптік білім беру қызметкерлері күніне» орай ұйымдастырылған «Бір шебер – жүз бейне» тақырыбындағы шығармашылық жоба аясында өндірістік оқыту шебері Калымбетова Лаура Даирбекқызы өзінің кәсіби жетістіктері мен тәжірибесімен бөлісті. Шебер — өз ісінің маманы. Ұзақ жылдық еңбек жолында көптеген шәкірттер тәрбиелеп, колледждің сапалы кадр даярлаудағы үлесін арттырып келеді. Сабақ үдерісінде заманауи әдіс-тәсілдерді, өндірістік технологияларды тиімді қолданып, білім алушылардың практикалық дағдыларын жетілдіруде үздік нәтижелерге қол жеткізген.

    Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінде 2025 жылдың 26 қыркүйек күні “ Адам құқығы, бала құқығын қорғаудан басталады” тақырыбында оқытушылар арасында құқықтық оқыту өткізілді. Іс-шараға Қармақшы ауданы прокуротурасының аға прокуроры Мусаев Еркін Нәбиұлы және колледж инспекторы Бақтыбайұлы Асылжан қатысып, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында атқарылатын жұмыстары туралы айтып түсіндірді. Сонымен қатар ата- аналар жауапкершілігін арттыру мақсатында бірлесіп жұмыс жасауға шақырды.

    Қармақшы аграрлы- техникалық коллғджінде 2025 жылдың 26 қыркүйек күні кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу профилактикасын күшейту, жасөспірімдердің түнгі мезгілдегі жүрістерін бақылау, ата - аналардың жауапкершілігін арттыру мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жиналысқа Қармақшы ауданы прокуротурасының аға прокуроры Мусаев Еркін Нәбиұлы қатысып жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, зиянды әдеттерден есірткі, лудомания т.б аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.