Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінде
    Қармақшы аудандық білім бөліміне қарасты Ә.Егізбаев атындағы №121 мектептің 9 сынып оқушылары колледждің материалдық-техникалық базасымен танысты.
    Іс-шара барысында оқушылар колледждің оқу кабинеттері мен зертханаларын, оқу-өндірістік шеберханаларын, сондай-ақ заманауи техникамен жабдықталған арнайы мамандық кабинеттерін аралап көріп, жұмысшы мамандықтардың қыр-сырымен танысты. Бұл кездесу оқушылардың кәсіби бағдарын айқындауға, болашақта мамандық таңдауда дұрыс шешім қабылдауға бағытталған. Сонымен қатар, техникалық және кәсіптік білім берудің артықшылықтары мен мүмкіндіктері жайлы толық ақпарат алды.

    “Республикам менің, мақтанышым, мерейім”
    Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінде 2025 жылдың 24 қазан күні 25 қазан Республика күні мерекесіне орай “Республикам менің,мақтанышым, мерейім” тақырыбында мерекелік шарасы өтті. Іс- шарада еліміздің гимні шырқалды. Мерекелік шараны директордың міндетін атқарушы Ә.Жұбатқанұлы ашып, Республика күні мерекесінің маңызына тоқталып, ұжымды мерекемен құттықтады. Мерекелік шарада білім алушылар ән айтып, би билеп кештің көркін ашты.

    "Креативті кітапханашы" атты өзін-өзі басқару күні.
    ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 18 қазан 833 қаулысымен "24 қазан-кітапханашылар күні" болып бекітілді. Бүгінде рухани байлығымызды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші кітапхана болса, сол байлықты өз оқырманына таныстырып, табыстырушы өзіндік тұлға, ол-кітапханашы. 24 қазан -кітапханашылар күніне орай Қармақшы аграрлы-техникалық колледж кітапханасында өзін-өзі басқару күні болып өтті. Бұл іс-шараның мақсаты: кітапханашы мамандығын дәріптеу, кітапқа деген қызығушылықтарын қалыптастыру, оқырмандарға қызмет көрсету. Өзін-өзі басқару күні 1курс студенттері оқырманға қызмет көрсету, кітаптарды орналастыру, кітап көрмесін ұйымдастыру, газет-журналдармен жұмыс, оқырманға кітап беріп,оқырман формулярын толтырып, кітап қорын орналастыру ережелерінен өтіп, кітапханашы қызметін атқарды.Іс-шара барысында білім алушылар кітапханашы мамандығы мен оның қазіргі әлемдегі рөлі туралы білді.